Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауыр қылмыс жасап, іздеуде жүрген күдікті табылды

Солтүстік Қазақстан облысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздестіріліп жатқан Тәжікстан тұрғыны ұсталды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Қыста тұрғылықты жері жоқ адамдармен жұмыс жүргізу полицейлерге маңызды іс. Петропавл қалалық ІІБ қабылдау-тарату пунктінің қызметкерлері күн сайын жылу трассалары, жертөлелер мен шатырлар, канализациялық құдықтар, қараусыз қалған ғимараттар бойынша рейдтер жүргізеді.

Анықталған адамдарды, қаңғыбастарды құжаттары болса, түнгі бөлімшеге жібереді, егер олардың құжаттары болмаған жағдайда жеке басын анықтау үшін орталыққа жеткізеді.

Дактилоскопияланады,яғни саусақтың ізін алады, суретке түсіреді, “Образ++” автоматтандырылған деректер базасына енгізіледі. Полиция қызметкерлері олардың бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығын тексереді, із-түзсіз жоғалып кеткен іздестірілушілердің тізімдерімен салыстырады. Орташа есеппен рейд кезінде тәртіп сақшылары 8-9 адамды жеткізеді.

“Жылу трассаларында түнеп жүргендердің барлығы қаңғыбастар болып табылмайды, адамдарды ондай жағдайға жиі ішімдік әкеледі, , — деп мәлімдеді Петропавл қалалық полиция бөлімшесінің бастығы міндетін атқарушы Павел Ющенко. – Кез келген жағдайда біздің міндетіміз-осы санаттағы адамдардың үсіп кетуіне жол бермеу.Оларға әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметін пайдалану арқылы көмектесу”.

 

Қаңтар айының басынан бері полиция қызметкерлері жеке бақылау пунктіне 480 адамды жеткізді, оның ішінде 213 адам алдын ала жеке басын анықтау үшін орталыққа барды.

Осы жұмыс барысында іздестіріліп жүрген екі қылмыскер, атап айтқанда 1992 жылы туылған Тәжікстан азаматтары ұсталды. Олар қарақшылық үшін халықаралық іздеуде жүрген. Өткен жылы қабылдау – бөлу орнының қызметкерлері 10 қылмыскерді тапты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру