Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауызекі жанжалдың аяғы төбелеске ұласқан

Маңғыстау облысында ер адамды ұрып-соғып, дене жарақаттарын салған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қаңтарда Ақтау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 52 жастағы жергілікті тұрғын сағат 23.20 шамасында бейтаныс адамның оны ұрып-соққаны туралы арызданған. Аталған факт ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тіркелді.

Оқиға орнына жеткен полиция жасағы 6-шағын аудандағы кафе жанында спирттік ішімдіктерді ішу барысында екі адамның арасында ауызша жанжал туындағанын, оның барысында қаскүнемнің жәбірленушіге дене жарақаттарын салғанын анықтады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында осы қылмысты жасауға күдікті ретінде Мұнайлы ауданының 30 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған ер адам жәбірленушіні ұрғанын мойындады. Енді ол  әрекеттері үшін заң алдында  жауап беруі керек.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев кез келген заң бұзушылық құқықтық салдарларға әкелетінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру