“Автобус” іс-шарасы: Қарағанды облысында 349 құқық бұзушылық анықталды
Қарағанды облысында “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 349 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысының аумағында “Автобус” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен қоғамдық көліктердің жүргізушілері тарапынан 349 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 63 факті маневр жасау, 56 факті көлікті басқару кезінде ұялы телефон қолдану.
Сонымен қоса, 142 автобустың электржабдықтарының талапқа сай келуі тексеріліп, сегізінен мемлекеттік тіркеу нөмірлері шешіп алынды.