«Автобус» іс-шарасы: Шымкентте жол ережесін бұзған 100-ге жуық жүргізуші анықталды
«Автобус» іс-шарасының бір күнінде жол ережесін бұзған 100-ге жуық жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала аумағында жол апатын азайту, жол қозғалысын бақылау және қадағалау мақсатында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.
Шара аясында тәртіп сақшылары қоғамдық көліктердегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарын алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтті. Осылайша мегаполисте бір тәулік ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған 98 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы (Жолаушыларды, багажды және заттарды тасымалдау ережесін бұзу) – 5, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) – 9, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі (Рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеу) – 6, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (Техникалық байқаудан өтпеу) – 12, ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Ұялы телефон пайдалану) – 13, ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (Маневр жасау қағидаларын бұзу) – 5, ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы (Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кету) – 3, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі (Рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеу) – 2, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу – 1, автобус парктерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны – 2.