«Автобус» ЖАШ: Қарағанды облысында 708 бұзушылық анықталды
Қарағанды облысында «Автобус» ЖАШ кезінде 708 бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы аумағында «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Төрт күн ішінде полицейлер жолаушылар көлігінің жүргізушілері тарапынан 708 заң бұзушылықты анықтады.
Осылайша, 108 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде пайдаланғаны үшін, маневр жасау ережесін бұзғаны үшін – 105, жылдамдықты асырғаны үшін 16 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, автобус паркінің 12 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 241 автобустың жылу мен электр жабдықтарының жай-күйіне сәйкестігі тексерілді.