Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

Әлеуметтік желідегі бейнежазба негізінде жол ережесін бұзған автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының полицейлері әлеуметтік желіні мониторингілеу кезінде жол жүру ережесін өрескел бұзу дерегін әшкерелеген бейнежазбаны тапты. Аталған бейнежазба негізінде қоғамдық көліктің жүргізушісі анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Қала тұрғыны қоғамдық тәртіпті бұзу дерегіне бей-жай қарамай, «Instagram» желісі арқылы бізге жол ережесін бұзған автобус туралы бейнежазбаны жолдады. Аталған жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 599-бабына сәйкес айыппұл салынды. Қоғамдық тәртіпті қалыптастыруға атсалысып жүрген белсенді азаматтарға алғысымды білдіремін. Әр адам өз тарапынан тәртіп орнатуға үлес қосса ғана, құқықтық мемлекет құрылатынын атап өткім келеді,- деді Талдықорған қаласы ПБ бастығы Асқар Нұрсапа.

Тәртіп сақшылары осыған ұқсас жол ережесін сақтамау дерегінің алдын алу мақсатында қоғамдық көлік жүргізушілерімен және автопарк басшылығымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы аумағында бүгіннен бастап «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы басталды.

Шараның басты мақсаты – кез-келген құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау, оның алдын алу.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру