Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған шымкенттік жауапқа тартылды

Автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған шымкенттік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 25 маусымында Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкінің инспекторлары  әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында Toyota Corolla маркалы автокөлігін тоқтатады.  Терезесі күңгірттелген автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру