Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөлік иелерінің назарына: Шамалған станциясының теміржол өткелінде жол қозғалысын ұйымдастыру өзгертілді – Алматы облысының полициясы

Қосымша жол белгілері орнатылып, жол таңбалары салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы – Нұр-Сұлтан автожолының учаскесінде жол қозғалысын ұйымдастыруға өзгерістер енгізілді.

– Атап айтқанда, Шамалған станциясынан шыққанда шығыс бағытта қозғалыс кезінде 2.4 «Жол бер» және 4.1.2 «Оң жаққа қозғалыс» жол белгілері орнатылды. Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген жолайрықта 1.11 жол таңбасы (қозғалысты үзік сызық жағынан ғана қозғалысқа рұқсат) салынған. Алматы – Нұр-Сұлтан автожолының 44+800 шақырымында 5.11.1 «Бұрылу орны» жол белгісі орнатылды, – деп хабарлады облыстық Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Таңатаров.

Сонымен қатар, бүгінгі күні автокөлік жолында теміржол арқылы өтетін жол өткелін салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.

– Қазіргі уақытта аталған учаскелерде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдік полицияның қосымша жасақтары қойылған. Осыған байланысты, барлық автокөлік иелері мен жол қозғалысына басқа да қатысушылардан жол белгілерінің талаптарын басшылыққа алуды, патрульдік полиция инспекторларының барлық талаптарын мүлтіксіз орындауды, сондай – ақ жолдарда барынша ұқыптылық пен қырағылық танытуды және Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің барлық талаптарын міндетті түрде басшылыққа алуды сұраймыз, – деп қорытындылады Таңатаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру