Автокөлікте музыканы қатты тыңдаған павлодарлықтар жазаланды
Автокөлікте музыканы қатты тыңдаған павлодарлық жүргізушілер жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Павлодарлық полицейлер автокөліктерде музыканы қаттыға қосып тыңдайтын жүргізушілерге әкімшілік хаттама толтырды.
– Тек демалыс күндері сағат 23:00-ден кейін көлікті басқара отырып, қатты музыка тыңдаған 10 жүргізуші анықталды. Күндіз тағы алты жүргізуші ұсталды, олар әнді қаттыға қойып тыңдаған. Оларға қатысты материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша жауапкершілікке тарту үшін СЭС-ке жіберілді, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Мысалы, 7 тамызда сағат 23:30 шамасында Павлодар қаласының Ак. Бектұров – Естай көшелерінің қиылысында 22 жастағы жүргізуші KIA автокөлігінің барлық терезелерін ашып қойып, әнді қаттыға қойған.
Басқа жағдайда, сағат 00:15-те Тоyota автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі музыканы қаттыға қосып тыңдаған, сондықтан жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қатты дауысқа шағымданған. Аталған жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 437-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды.
– Автомобиль шығаратын шу, оның ішінде үдеу және тежеу дыбыстары стандартқа сәйкес келуі керек. Осы ережелерге сәйкес шу децибелден аспауы керек. Егер автомобильде музыка қатты ойналса, акустикалық толқындар децибелден асып кетеді, бұл есту қабілетінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Түнгі уақытта көліктен музыка қатты ойнағаны үшін 5-тен 100 АЕК-ке дейін айыппұл салу көзделген. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекет 10-нан 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады, – деп түсіндірді Жасқайрат Қайыров.