Шымкент қаласындағы кафелердің бірінде атыс болған
2020 жылдың 6 қаңтарында сағат 21.00 шамасында қала кафелерінің бірінде екі топ жас жігіттер арасында жанжал орын алған,- деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.
Жанжал барысында «Хюндай Акцент» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысына қарай бірнеше рет оқ атылған. Бір адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 3 бабы «адам өлтіруге оқталу», «бұзақылық» және «қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері барлық жанжал қатысушыларын анықтап, ұстады.