Автокөліктен ұрлық жасаған тараздық ұсталды
Автокөліктен ұрлық жасаған тараздық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Автокөліктен ұрлық жасағаны үшін 36 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды.
Полицияға облыс орталығының 27 жастағы жергілікті тұрғыны қала ауданының бірінде белгісіз біреу үйдің ауласында тұрған оның автокөлігінен жеке заттары мен аккумуляторын жасырын ұрлап кеткендігі туралы хабарлаған.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары облыс орталығының тұрғынын анықтап, ұстады.
Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға күзетілетін автотұрақтар мен объектілерде (тұрақтарда) немесе гараж бокстарында автокөліктерін қалдыру қажеттігін ескертеді.