Автокөлікті тұраққа дұрыс қойыңыз
Павлодарда көліктерін дұрыс тұрақтамаған жүргізушілер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұрғындар көліктерін рұқсат етілмеген жерлерге қалдырып, басқа көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге ғана ыңғайсыздық тудырып қоймай, бұған қоса жолдарда апатты жағдайларға себепкер болады. Ең бастысы, ережеге сәйкес тұраққа қойылмаған көлік жедел жәрдем, өрт сөндіру, құтқарушылар және басқа да маңызды қызметтер көліктерінің жүріп-тұруына кедергі келтіреді.
Павлодар қаласында биылғы жылдың басынан бастап, өз көліктерін рұқсат етілмеген жерде қалдырғаны үшін 320 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Мәселен, дүкен маңында тауарды түсірген жүргізуші көлігін рұқсат етілмеген жерде қалдырған, осы себепті басқа көлік құралдарының жүру бағытына кедергі келтірген. Полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 597-бабының үшінші бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Жыл басынан бастап тәртіп сақшыларымен осы сынды 489 құқық бұзушылықтар анықталған. Жоғарыдағы аталған бап бойынша, аялдама немесе тұраққа қою талаптары үшін көлік жүргізушісі 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тиісті. Мысалы, көлік жүргізушісі көлігін жаяу жүргіншіге арналған жолда, гүлзарда, балалар немесе спорт алаңында қалдыратын болса 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейтін болады. Осындай айыппұлды басқа көліктерге кедергі келтіргені үшін де төлейтін болады. Бұдан өзге, мүгедектерге арналған көлік тұрағын қандай да бір мақсатсыз иемденуге болмайтынын есте сақтаған жөн.