Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөлікті заңсыз иемденген күдікті қолға түсті

Қызылордалық тәртіп сақшылары автокөлікті заңсыз иемденген күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 тамыз күні сағат 02:50 шамасында Қызылорда облысы ПД-ң Қазалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне үй ауласына қойылған «ВАЗ-2105» маркалы автокөлігін белгісіз азаматтардың заңсыз айдап кеткендігі туралы хабарлама түсті.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде 28 жастағы, Қазалы ауданының тұрғыны ұсталды.

Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру