Автоұры 1 миллион көлеміндегі ақшаны ұрлап кетті
Ақтөбе қаласында машина жәшігінен қомақты қаражат пен құжаттарды қолды қылған азамат құрықталды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
11 ақпанда 11 шағын ауданда орналасқан «World Class» фитнес клубының автотұрағында белгісіз тұлғалар «Тойота Камри» маркалы автокөліктің кілтін таңдау арқылы белгісіз түрде машина жәшігінен 995 мың теңге сомасында ақша, әр түрлі купюралар, банк карталары мен пәтер кілтін ұрлап кеткен.
Полиция қызметкерлерімен жедел іс-шаралар кешені өткізіліп, оның барысында 24 жастағы ақтөбелік азамат анықталып, ұсталды.
Күдіктіден полиция қызметкерлері ақпаратты оқуға арналған дабыл пульті түріндегі құрылғы тәркіленді. Мойындау көрсеткіштері бар. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.