Аягөз тұрғынынан 10 келі марихуана тәркіленді
Аягөз тұрғынынан 10 келі марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.Наурыз айының басында Семей қалалық ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ШҚО бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қала аумағында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Аягөз қаласының 44 жастағы тұрғынын ұстады.
Оның пәтерін кідіріссіз тінту барысында перденің артына жасырылған жасыл түсті сөмке табылды, оның ішінен ерекше иісті өсімдік тектес зат бар полиэтилен пакет болған.
Сараптама қортындысы тәркіленген зат кептірілген марихуана екендігін көрсетті. Оның жалпы салмағы шамамен 10 келіні құрады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, осы баптың санциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.