Аягөзде полицейлер қолайсыз ауа райында жүргізушілерге жедел көмек көрсетті
Аягөзде полицейлер қолайсыз ауа райында жүргізушілерге жедел көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігі мен жол қозғалысының қалыпты әрі үздіксіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы қызмет атқарып келеді. Күнделікті жұмыс барысында тәртіп сақшылары тек қоғамдық тәртіпті сақтаумен ғана шектелмей, түрлі жағдайларда тұрғындарға көмек көрсетіп, қолдау білдіруді де басты міндеттерінің бірі санайды.
Жуырда Аягөз қаласында қолайсыз ауа райы салдарынан КамАЗ жүк көлігі жолдың бір бөлігінде тұрып қалып, көлік қозғалысына қиындық туғызды. Бұл жағдай өзге жүргізушілерге қолайсыздық әкеліп, жол қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін еді.
Оқиға туралы хабарлама түскен бойда полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, жағдайды бақылауға алды. Қызметтік техниканы пайдалана отырып, полиция қызметкерлері жүк көлігін қауіпсіз жерге шығарып, жол қозғалысының қайта қалпына келуіне ықпал етті. Нәтижесінде жолдағы қауіп азайып, көлік қозғалысы қалыпты арнасына түсті.
