Аялдамада қызды тонап кеткен астаналық жігіт анықталды
Аялдамада қызды тонап кеткен астаналық жігіт анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жас қыз аялдамада автобус күтіп тұрған кезде, велосипедпен келе жатқан жігіт кенеттен оның қолынан iPhone телефонын жұлып алып, жасырынған.
Тосыннан орын алған оқиғадан кейін қыз орнында тұрып қалған, содан кейін полициядан көмек сұрап жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жас жігітті анықтады. Белгілі болғандай, ол іс-әрекетінің салдарынан қорқып, ұрланған телефонды сындырған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтардан қырағы болуды сұрайды. Егер сіз заңсыз әрекеттердің куәгері немесе құрбаны болсаңыз, дереу «102» арнасына хабарласыңыз.