Аяқкиімнің астына жасырылған есірткі
Түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған затты аяқкиімнің астына жасырып кіргізбек болған 39 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған затты ҚАЖ облыстық бөлімінің қызметкерлері байқап қалған. 39 жастағы ер адамның тексеру бөлмесінде екі етіктің астынан қызметкерлер лентаға оралған екі байлам тапты. Сөмкелерде өсімдік тектес, өзіне тән иісі бар қоңыр-жасыл түсті және қоңыр-жасыл түсті сығымдалған үш таблетка бар.
Кейін белгілі болғандай, ер адам есірткіні колонияда жазасын өтеп жатқан өзінің досына өткізбек болған. Дерек бойынша тыйым салынған белгісіз зат табылғаннан кейін қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері, Өскемен қаласының Ертіс полиция бөлімінің жедел тобын шақырды.
СХЭ актісінің қорытындысына сәйкес, бұл заттар есірткі болып табылады: салмағы 154,75 грамм «кептірілген марихуана» және салмағы 23,78 грамм «гашиш». Аталған дерек ЕДР-да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.
Қазір полиция ҚР ҚК 296-бабы «Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдіктіге 160 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады (424 мың теңгеге дейін), түзеу немесе қоғамдық қызметке дәл осындай мөлшерде немесе қырық күнге дейін қамауға алынады.