Аяз ата мен Ақшақар балаларға қуаныш сыйлады
Қызылорда облысы Арал ауданының ПБ қызметкерлері жалғызбасты әкенің отбасына барып, балаларына қуаныш сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жақсылық жасау кез келген адамның қолынан келеді. Бірақ ол үшін жақсылық жасай білетін жүрек керек. Жүректері жақсылыққа құмар, жаны жайсаң жанашыр жандар балаларға қуаныш сыйлаудан жалыққан емес.
Атап айтсақ, Арал ауданы полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының қызметкерлері Аяз ата мен Ақшақар кейпіне еніп, Арал қаласының тұрғыны, жалғызбасты көпбалалы әке Бакыт Жайлауовтың отбасына барып, балаларына сыйлықтар табыстады.
Балалар Аяз атаға мерекелік тақпақтарын айтып, жалғызбасты әке балаларына мерекелік көңіл-күй сыйлаған полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.