Азаматтарды қабылдау: Павлодар облысы ПД тұрғындардың сұрақтарына жауап берді
Павлодар облысы ПД тұрғындардың сұрақтарына онлайн жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Полиция департаменті және оның басқа да бөліністерінде ұдайы негізде азаматтарды қабылдау жүргізіледі. Ішкі істер Министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы бұйрығымен азаматтарды қабылдау онлайн-режимге ауыстырылды. Облыс тұрғындары сұрақтары мен туындаған мәселелері бойынша Полиция департаментінің бастығы мен оның орынбасарларына жүгіне алады.
Полиция департаментінің Құжат айналымы бөлімінің басшысы Гульхар Дәуітованың айтуынша, 2020 жылдың жеті айында Павлодар облысы Полиция департаментіне 2300-ден астам арыз-өтініштер келіп түскен.
– Департамент аппаратымен 395 азамат қабылданса, 226 тұрғын аймақтық бөлініс басшыларымен қабылданған, – деп хабарлады Гульхар Ерпатқызы.
Сұрақтар көбінесе қылмыстық істерді тергеу сапасы мен тергеу барысы, әкімшілік айыппұлдарды төлеу мәселелері, және басқа да азаматтық-құқықтық даулы мәселелер болып келеді.
Мәселен, Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовке Павлодар қаласының тұрғыны жүгінді – оның көлігін ауладан алып кеткен. Нұрлан Мырзаханұлы бұл мәселені жеке бақылауына алды. Өткізілген жедел іздестіру шаралары нәтижесінде қылмыс ашылды. Ал басқа қала түрғыны, такси көлігінде әмиянынан ірі көлемді қаражат жоғалғаны туралы жеткізді. Тәртіп сақшыларының табандылық танытып, жедел жұмыстары арқасында әмиянды табу мүмкін болды.
Келіп түскен сұрақтар қатары бойынша азаматтарға толыққанды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажет болған сұрақтар жеке бақылауға алады.
Азаматтарды қабылдау алдын ала жазылумен жүзеге асырылады, кездесу күні мен уақыты белгіленеді. Азаматтар полицияға жеке сұрақтарымен, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық заңнамалар тәртібін түсіндіру бойынша жүгіне алатынын еске саламыз.