Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әзірбековтер әулеті – борыш пен антқа адалдықтың үлгісі

Әзірбековтер әулеті – борыш пен антқа адалдықтың үлгісі. Polisia.kz редакциясы полиция қызметіне өмірін арнаған отбасы жайлы ақпарат ұсынады. 

Ішкі істер органдарында екі, үш және одан да көп ұрпақ қызмет ететін отбасыларда патриотизм, құрмет, қызметтік борыш сияқты ұғымдар жай ғана сөз емес. Дәл осы династияда қызметке деген құрмет, борышқа деген адалдық, мамандықтың беделі бала кезінен басталады. Полиция туралы тек сериалдар мен кітаптар арқылы ғана емес, полицей мамандығының қаншалықты қиын және қауіпті екенін жақсы түсінеді. Осы орайда полиция қыщметіндегі Әзірбековтар отбасы туралы айтпау мүмкін емес.

Жорабек Әзірбеков ұзақ жылдар бойы ішкі істер органдарында әртүрлі қызмет атқарған және өз мамандығына адал болған, бүгінгі күні отставкадағы полиция майоры бола отырып, өз балаларына лайықты үлгі болып келеді. Бүгінгі күні ол еңбек сіңірген қызметкер, ІІО ардагері, сондай-ақ көптеген награда мен медальдардың иегері.

ІІО ардагерінің қызы Шолпан әкенің ізін жалғап, полицей атанды. Қазіргі уақытта ол Қызылорда облысы ПД анықтау басқармасында қызмет атқарады.

Шолпан қаладағы №136 орта мектепті үздік бітіріп, әке ізін жалғастыру мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің заңгер мамандығына оқуға түскен. Өзінің еңбекқор, ізденімпаз, тыңғылықты қасиетімен көптің көңілінен шыққан Шолпан мұнда да білімділігі мен біліктілігін көрсетеді. Оқуды ойдағыдай тәмамдаған ол 2003-2008 жылдар аралығында Қызылорда қалалық ішкі істер басқарамасының кәмелеттік жасқа толмаған бөлімінде инспектор, аға инспектор қызметтерін атқарады.

Ал 2008 жылдан бүгінгі күнге дейін анықтау басқармасында абыроймен орындап келе жатқан оның осындай қиын да қатерлі жұмысты ер адамдарша алып жүруіне отбасындағы салмақты да салиқалы тәрбиесінің ықпалы зор десек, артық айтқандық болмас. Олай деуге себеп те жоқ емес. Марқұм анасы Айгүл мен әкесі Жорабектің балаларына үнемі ешкімнің ала жібін аттамауды, өтірік пен өсекке үйір болмауды, адам баласының көз жасына қалмауды үйретіп отыруы Шолпан қыздың өмірлік қағидасына айналды.

Қызмет пен отбасының берекесін қатар ұстап, шаңырағының ұйытқысы, адал жар, аяулы ана Шолпан қазіргі таңда екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Жұмысында салмақты, ер адамдарша қайыспас нардай іс тындыратын погон таққан ару ошақ басында мейірімді ана, аяулы әйел, құрбы-құрдасқа барынша ашық та шынайы жан.

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” дегендей, Шолпанның қоғам үшін еткен еңбегі еленуде. Оған өзінің қызметіне деген адалдығы үшін ҚР ІІМ-нің “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” үздік медалі және 2 дәрежелі “ІІО-ның үздігі” медалі табысталған. Ал оның алған алғыс хаттары да жетерлік.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру