Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Бағдарлама орнатып беремін»: ШҚО тұрғыны ер адамды алдап, телефонын иемденіп алған

ШҚО тұрғыны бағдарлама орнатып беремін деп ер адамды алдап, телефонын иемденіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуір айының басында Шемонаиха АПБ кезекші бөліміне 59 жастағы жергілікті тұрғын арызбен жүгініп, бейтаныс ер адам оның смартфонына бағдарламалар орнатып беремін деп оған тиесілі құны 70 мың теңге тұратын телефонын алдау жолымен иемденіп алғанын айтқан.

Жедел іс-шаралар жүргізу нәтижесінде, криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол осы қаланың 51 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Алаяқ кінәсін мойындап, айғақ зат тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру