Байқоңыр қаласының пробация қызметкерлері бірлескен жедел кеңеске қатысты
Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында РФ ІІМ басқармасы бастығының орынбасары И.Шкрумның төрағалығымен бірлескен жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел кеңеске ресейлік құқық қорғаушылармен бірге Байқоңыр қалалық пробация қызметінің қызметкерлері де қатысты.
Кеңес барысында 2020 жылы бірлесіп атқарылған іс-шаралардың қорытындысы шығарылып, өзара іс-қимыл жасасу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.