Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Байқоңырда әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды қорқытқан күдікті ұсталды

Байқоңырда әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды қорқытқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

6 қыркүйек күні сағат 02:30 шамасында әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында WhatsApp месенджері арқылы 32 жастағы Байқоңыр қаласының тұрғыны бейнеүндеу жасаған.

Онда «Байқоңыр» кешеніндегі Ресей Федерациясы ІІМ басқармасының басшылығына Байқоңыр қаласындағы «Арбат» деп аталатын аумақтың ұйымдасқан тобына қарсы күш қолданатыны туралы қорқытып, айтқан.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-бабымен (Қорқыту) тергеп-тексеру басталған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру