Байқоңырда мас жүргізуші 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды
Байқоңырда мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігімен күшейтілген іс-шарасы аясында ағымдағы жылдың шілде айының 25 күні жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтін, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлары бар көлік құралын басқарғаны үшін тоқтатылып, жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғандығы анықталған.
Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалып, жинақталған құжаттар Қармақшы аудандық сотына қарауына әкімшілік жаупкершілікке тарту үшін жолданды.
26 шілдеде соттың қаулысына сәйкес алкогольдік масаң күйде автокөлік басқарған жүргізушіні 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.