Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Байқоңырда жазаны өтеу тәртібін бұзған сотталған бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Байқоңырда жазаны өтеу тәртібін бұзған сотталған бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша полиция бөліністерінің және пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында 2021 жылғы 21-27 наурызы аралығында республика аумағында «Шартты түрде» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған профилактикалық іс-шара кезінде Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының 2020 жылғы 30 наурыз үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы бойынша үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Д.есімді ер адам жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзуға жол бергені үшін 2021 жылдың 22 маусымында Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотына бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолданды.

Яғни, сотталған Д. жыл басынан бері бірнеше рет қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған. Алайда оған қарамастан сотталғанмен жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық қайталануда.

Қазақстан Республикасы ҚАК-нің талаптары бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның бір жыл ішінде бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктерге тартылуы – жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық болып табылады.

Пробация қызметкерлері аталған сотталғанға қатысты ұсынымды Байқоңыр қалалық сотына жолдаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру