Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Бала және отбасы” іс-шарасы: Шымкентте 100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте “Бала және отбасы” жедел-профилактикалық ic-шарасы барысында 100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды , – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 ақпаннан бастап қала аумағында өтіп жатқан “Бала және отбасы” жедел-профилактикалық ic-шарасы барысында кәмелетке толмағандар тәрбиесіне қатысты 119 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 96 және ойын-сауық мекемесінде болған алты жасөсіпірім анықталған. Олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік хаттама толтырылды.

Ал кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемесінде болуына жол берген алты ойын-сауық мекемесінің иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бойынша жауапқа тартылды.

Балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын үш ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) әкімшілік хаттама толтырылды.

Құқық бұзушылыққа бейім 13 жасөспірім және балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттеріне немқұрайлы қарайтын 16 отбасы ішкі істер органының есебіне қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру