Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балабақша тәрбиешісі қарақшыға тойтарыс берді

Жамбылдық полицейлер тонау әрекетін жасамақ болған Сарысу ауданының 29 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарысу ауданының полициясына ауданның 31 жастағы тұрғыны тәңертең сағат 06.50-де балабақшаға жұмысқа бара жатқан кезде оны тонау мақсатында белгісіз адам шабуыл жасағанын айтып, шағымданған. Күдікті жәбірленушіні жерге жатқызып, сол жерде жәбірленушіні бір қолымен ұстап, екінші қолымен киімінің қалтасын тексере бастаған. Әйел оған бірден қарсылық көрсетіп, өтіп бара жатқан адамдарды айқалап, көмекке шақыра бастаған. Мұндай белсенді қарсылықты күтпеген қарақшы қорқып, оқиға орнынан бой тасталаған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Осылайша, ұсталған азамат несие бойынша қарызын өтей алмағандықтан, қылмысқа барғанын айтып ақталған. Айта кетерлігі, ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, үйленген, кәмелетке толмаған үш баласы бар. Қазіргі таңда ұсталған азамат ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша мүлкін тәркілей отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру