Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балалар ауылының түлектері ШҚО полиция департаментіне қонаққа барды

Балалар ауылының түлектері ШҚО полиция департаментіне қонаққа барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары ШҚО ПД мұражайы мен ЖБО-да экскурсия өткізді, сонымен қатар балаларға қайықпен серуендеу түріндегі тосын сый ұйымдастырып, жарқын эмоциялар сыйлады.

Мұражайда балалар жерлес полиция қызметкерлерінің тарихымен танысып, көрмеге қойылған жәдігерлермен, ескі үлгідегі қарулардың алуан түрлерімен танысты, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан тәртіп сақшыларын еске алды.

Экскурсия жедел басқару орталығында жалғасып, балаларға бейнебақылау камераларымен әртүрлі құқық бұзушылықтарды қалай тіркейтіні және қылмыскерлерді жедел түрде ұстауға» көмектесетіні туралы айтылды.

Қызыққа толы күн Ертіс өзеніндегі су қоймасында қайықпен серуендеумен аяқталды. Өскеменнің әдемі аймақтарындағы өзен круизі жасөспірімдерге жағымды эмоциялар мен есте қаларлықтай қуаныш сыйлады.

– Бұл экскурсия біздің тәрбиеленушілерге жағымды тосын сый болды, Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментіне рахмет, – деп атап өтті балалар ауылының директоры Меңдігүл Мүбаракқызы.

Соңында полиция қызметкерлері түлектерге жоғарғы оқу орындарға түсуіне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, жазғы демалыс кезінде бұл балалар “Жасыл ел” бағдарламасы бойынша жұмыс істеп, біздің қоғамға өз үлестерін қосуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру