Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балалар колониясына Қуыршақ театры барды

Балалар колониясына мемлекеттік Қуыршақ театры барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесіндегі сотталған балалар мемлекеттік Қуыршақ театрының «Қуыршақ думан» деген сахналық қойылымын тамашалады.

Тәрбиелік мәні зор қойылым жазасын өтеуші жасөспірімдерге зор қуаныш сыйлады. Театрды қызыға тамашалаған балалар қуыршақтар өнерінен мол мағлұмат алып қана қоймай, өздерінің де бала шақтарын еске түсіріп, риза болды. Қойылым соңында жасөспірімдер театр артистерімен кездесіп, олардың өнер жолындағы қызық оқиғаларымен танысты.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналаған Жол картасын іске асыру аясында ұйымдастырылған іс-шарада №11 мекеме бастығының міндетін атқарушы Н.Керебаев өнер иелеріне алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру