Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балалар қауіпсіздігінің күзетінде: ювеналды полиция инспекторының қызметі

Бүгін – балалардың құқықтарын қорғап, олардың қауіпсіз болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген жандардың кәсіби мерекесі. Ювеналды полиция инспекторлары – бұл жай ғана тәртіп сақшылары емес, олар – мейірім мен жауапкершілікті жанына серік еткен асыл жандар. Олар туралы Polisia.kz сайтынан оқыңыздар. 

Полиция аға лейтенанты Балнұр Сайлаубекова – Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Өскемен қалалық полиция басқармасына қарасты Ертіс полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы. Ол ішкі істер органдарында бір жарым жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Балнұр бұл саланы мектепті тәмамдаған кезде, болашақ мамандығы ретінде өз еркімен, саналы түрде таңдаған.

- Полиция қызметін таңдауыма әділдікке деген ұмтылыс, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне үлес қосып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге деген бейімділігім себеп болды. Қиын жағдайға тап болған жасөспірімдерге қолдау көрсету, оларды дұрыс жолға бағыттау – менің кәсіби міндетім ғана емес, жүрегіммен қалаған ісім, – дейді ол.

Балалардың амандығы мен қауіпсіздігі үшін еңбек етіп жүрген барша әріптестерімізге алғыс білдіреміз. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен адал қызметтеріңіз – еліміздің жарқын болашағының кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру