Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балаларды желідегі зорлық-зомбылықтан қорғау: елордада дөңгелек үстел өтті

Балалар цифрлық кеңістікте де қауіп-қатерге тап болуы мүмкін. Әлеуметтік желілер, мессенджерлер, онлайн-ойындар мен видеоплатформалар күнделікті өмірдің ажырамас бір бөлігіне айналды. Алайда сонымен бірге зорлық-зомбылықтың жаңа түрлері пайда болды: кибербуллинг, бопсалау, психологиялық қысым және заңсыз контентті тарату. Ересектердің міндеті - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға интернетті дұрыс қолдануды үйрету.

Елордада осы тақырыпта Ішкі істер министрлігінің, басқа да мемлекеттік органдардың және сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар онлайн-ортадағы зорлық-зомбылыққа қатысты көптеген мәселелерді қозғады. Сарапшылардың айтуынша, егер бала өзін қалай қорғауды білмесе, интернет пайдалы ресурс қана емес, қауіптің көзі де бола алады. Кәмелетке толмағандардың онлайн-қауіпсіздігі мәселесінде мемлекеттің, мектептің және отбасының тығыз жұмысы қажет.

Әрбір бала білуі тиіс негізгі қауіпсіздік ережелері:

  • жеке ақпаратты (мекен-жайы, мектебі, фотосуреті, телефон нөмірлері) бөліспеу.
  • фотосуреттер мен видеоларды бейтаныс адамдарға жібермеу.
  • желіде күдікті адам байқалса, ересектерге дереу хабарлау.
  • күдікті сілтемелерге өтпеу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру