Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балалардың қауіпсіздігі туралы онлайн кеңес өткізілді

Атырау облысында ата-аналар мен ұстаздардың қатысуымен қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың құқықтық қорғалуы мен олардың қауіпсіздігі мәселелеріне арналған онлайн кеңес өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ZOOM платформасы арқылы өткен жиынға Атырау облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Орынгүл Кушкалиева мен № 19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназияның ата-аналар комитетінің төрағасы Айбек Файзуллин қатысты.

Басты мәселе – оқушылардың сабаққа себепсіз қатыспауына жол бермеу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігі мен ата-аналардың, сондай-ақ мектеп инспекторларының бірлесіп жұмыс атқаруы болып табылады.

Айта кетейік, 2020 жылдың 11 айында Атырау облысында жасөспірімдер 63 қылмыс жасады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,6%-ға төмендеген.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қарсы 59 қылмыс жасалған, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға азайған.

2020 жылдың 11 айында ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне барлығы 132 жасөспірім есепке қойылған.

Бұдан басқа «Қолайсыз отбасы» санатында 352 бала тәрбиеленетін 173 отбасы бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру