«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі»: Шымкентте 118 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Шымкентте 118 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала аумағында 14 ақпаннан жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау мақсатында “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі“ республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның бір тәулігінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 82 дәріс оқылды. Сонымен қатар, балаларды автокөлікпен тасымалдайтын 45 жүргізушіге жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін белгіленген авто кресломен тасымалдау туралы сұхбаттар жүргізілді.
Бұдан бөлек, іс-шара кезінде қала аумағында 118 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 594-бабы (Қиылыстардан өту қағидасын бұзу) – 18, ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы (Жаяу жүргіншілер өтпесінен өту қағидасын бұзу) – 20, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Балаларды тасымалдау ережесін бұзу) – 12, ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы (Бағытты көлік құралын тоқтау ережелерін бұзу) – 20, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша (Жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзу) – 48 жайт тіркелді.