Баланың көзіндегі қуаныш – полицей үшін ең жақсы марапат
Білім күні қарсаңында Ақсу қаласының полицейлері «Мектепке жол» акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Біз Қалқаман кенттік полиция бөлімшесінің полицейлері шетте қалмай, акцияға қатыстық. 13 жастағы қызға мектеп формасын, кеңсе тауарларын, спорттық киім мен аяқ киімін сатып алды, – деді құқық қорғау органдарының қызметкерлері. – Анасы екі баланы, қыз бен ұлды тәрбиелеп отыр. Біз отбасын білеміз, өте лайықты адамдар.
– Мен полицейлерге көрсеткен көмегі үшін өте ризамын, – дейді Анна Викторовна. Мен үшін бұл көмек, өйткені мен екі баланы жалғыз тәрбиелеп отырмын. Қызы Виктория 7-сынып оқушысы, барлық киімдер де, кеңсе тауарлары да қажет нәрсе. Мен полиция қызметкерлеріне қызыма көрсеткен материалдық көмегі үшін ризамын. Олардың қиын жұмыстарына сәттілік тілеймін, – деп ана алғысын айтты.
– Акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, сондай – ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындалуға көмектесу, – деп атап өтті полицейлер. – Баланың көз қуанышын көру – біз үшін ең жақсы марапат.