Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Баласын суықта қалдырған ана ұсталды

Павлодар облысында баласын далада қалдырған ана ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Павлодарда учаскелік полиция инспекторларының жедел іс-қимылдарының арқасында жас баланың өмірін қатерге тіккен 33 жастағы ана ұсталды. 2020 жылғы 26 қарашада  сағат 20.40-та полицияға Павлодар қаласындағы “Автовокзал” трамвай аялдамасының орындығынан 8-9 айлық азиат типтес бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Көзбен шолып қарау кезінде балада көзге көрінетін дене жарақаттары анықталған жоқ. Дереу табылған бала туралы бағдар жасалып, барлық аумақтық және шекара маңындағы аудандарға таратылды. Жақын маңдағы барлық көшелер тексерілді, куәгерлер мен көрген адамдар сұралды. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлары қыс мезгілінде үлкен жұмыс атқарды. Нәтижесінде учаскелік инспекторлар 32 жастағы жергілікті тұрғын басқарған “Toyota Camry” автокөлігін анықтады. Оның айтуынша, ол “InDriver” мобильді қосымшасы арқылы жолаушылар тасымалымен айналысады. 26 қарашада ол ШҚО Семей қаласынан Павлодар қаласына баласы бар әйелді алып келіп, қалаға келген бойда әйелді автовокзалға қалдырған. Екі сағаттан астам уақыт аралығында күдікті әйел ұсталды. Оқиға бойынша ҚР ҚК 119 – бабының 1-бөлігі (Қауіпті жағдайда қалдыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция қызметкерлері әйелдің жалғызбасты ана екенін, асырауында кәмелетке толмаған екі ұлы (9 жас, 1,2 жас) бар екенін түсіндірді.

Үлкен ұлы әжесімен Екібастұз қаласында тұрады. Соңғы жылдары әйел Тараз қаласында тұрған. Ұлын тастап кетуді алдын ала жоспарлапты.

Тауып алынған жас баланы жедел жәрдем дәрігерлері тексеріп, ол Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру