Балкон арқылы үйден шығып кеткен 3 жасар бала табылды
Ақтөбеде балкон арқылы үйден шығып кеткен 3 жасар бала табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ақтөбеде 19 қыркүйек күні сағат 14.00-де Сәтпаев көшесінің тұрғынынан 3 жасар ұлының жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әйел дүкенге барып келгенше, бала балкон арқылы көшеге шығып кеткенін мәлімдеді.
Патрульдік полиция батальонының жасағы 20 минуттің ішінде баланы Сәтпаев көшесі мен Сәңкібай батыр көшесінің қиылысында тапты. Анасы ұлымен аман-есен қауышты.
Әйел жедел әрекет еткені үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
– Құрметті ата-аналар, балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп терезелерге блокаторлар орнатыңыз, – деп ескертеді Ақтөбе облысы бойынша ПД.