Балконнан секірмек болды: Ақтөбеде полицейлер әйелді суицидтен құтқарды
Ақтөбеде полицейлер балконнан секірмек болған әйелді суицидтен құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 тамыз күні сағат 23:30-да полиция қызметкерлері бір әйелдің «Қарғалы» шағын ауданындағы көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы балконынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама алды.
Аталған мекенжайға полиция жасағы жіберілді, олар өздерінің дереу жасаған іс-әрекеттерінің нәтижесінде әйелді құтқарып қалды. 34 жастағы әйелдің мас күйінде екені белгілі болды. Әйел полиция бөліміне жеткізілді.
Суицид себептері анықталуда.