Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған браконьерден 89 келі балық табылды
Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 сәуірде Қарағанды облысының ПД қызметкерлері мен Балқаш қалалық Пб-нің қызметкерлері «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Полиция қызметкерлері Балқаш көлінің маңында балықшыны байқаған. Қатаң тыйымға қарамастан, ер адам моторлы қайықты пайдаланып балық аулаумен айналысқан.
Браконьер Приозерск қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Моторлы қайықты тексеру кезінде полицейлер 89 кг әр түрлі балықты және торды тапты. Шығын мөлшері шамамен 400 мың теңгені құрайды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.