Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқаш полицейлері көліктен магнитофон ұрлаған қос азаматты қолға түсірді

Балқаш қаласының полицейлері автокөліктен магнитофон ұрлаған қос азаматты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балқаш қалалық полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу көлігінен магнитофон ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Ұрлық нысаны, яғни көлік жәбірленуші тұратын көпқабатты үйдің ауласында тұрған. Күдікті түнгі уақытта көлікке ұрлыққа түсіп, магнитафонды ұрлап әкеткені белгілі болды. Жәбірленушіге 23 мың теңге шығын келген. 

Жедел-тергеу тобы қызметкерлері жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы екі азаматты ұстады. Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабымен осы дерекке қатысты қозғалған іс материалдары сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру