Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқаш полицейлері ұрланған ұялы телефонды иесіне қайтарды

Қарағанды облысында қоңырау шалу үшін телефонды сұрап алып, қашып кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қыркүйек күні Балқаш қалалық полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Оның сөзінше көшеде оған белгісіз біреу келіп, өзінің ұялы телефонының қуаты таусылып қалғанын айтып, тез арада біреуге қоңырау соғу үшін ұялы телефонын сұрап алған. Ойында жаман ой болмаған жәбірленуші азаматқа көмек қолын созу мақсатында телефонын берген. Рахметін айтып, телефонды алған белгісіз азамат біреумен сөйлесіп тұрған болып, қаша жөнелген.

Анықталғандай ұялы телефон 300 мың теңге тұрса, оның сыртына жәбірленушінің салып қойған 50 мың теңгесі болған. Сонымен ол бір сәтте 350 мың теңгесінен айырылған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы азаматты қолға түсірді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру