Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқаш қаласының тұрғыны ұрлық жасады деген күдікпен  қолға түсті

Ұрлық жасағаны үшін ұсталған Балқаш тұрғынының бес ұрлыққа қатысы бар екені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 наурыз күні Қарағанды облысы Балқаш қалалық полиция  бөліміне 36 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші арызында белгісіз біреудің үйінен электр арасы мен мыс кабелін ұрлап кеткені туралы жазған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 220 000 теңгені құраған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктінің үйге пластикалық терезені бұзып кіргенін анықтады.

Қылмысты ашу мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Күдікті қылмысын мойындап, одан айғақ заттар тәркіленді.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері оның басқа да бес ұрлыққа қатысы бар екендігін анықтады.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-тармағына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру