Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқаш тұрғынының ақшасын алаяқтықпен алған азамат ұсталды

Балқаш тұрғынының ақшасын алаяқтықпен алған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуір айында Қарағанды облысы, Балқаш қалалық полиция бөліміне қаланың 30 жасар тұрғыны хабарласқан. Жәбірленуші азаматша белгісіз біреу оның ұялы телефондағы мобильдік қосымшасын пайдалану арқылы есеп-шотынан 420 мың теңге ақша шешіп алғаны туралы арызданды.

Белгілі болғандай, сол күні азаматша танысының үйінде қонақта болған. Сол кезде оның телефонын белгісіз бір азамат уақытша сұрап алған. Негізгі күдікті ретінде полиция қызметкерлері аталған азаматты іздеу жұмыстарын бастап, ҚР ҚК-нің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Балқаш қалалық полиция бөлімінің киберпол қызметкерлерімен 32 жастағы Түркістан облысының тумасы анықталды.

Қыркүйек айында криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-әрекеттер барысында күдікті азамат ұсталды. Ол жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу әрекеттері барысында күдікті арызданушыға келтірілген барлық шығындарын өтеп берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру