Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта 61 жастағы тұрғынның пәтеріне ұрлыққа түскен әйел анықталды

Балқашта 61 жастағы тұрғынның пәтеріне ұрлыққа түскен әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қазанда Қарағанды ​​облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне 61 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші түнде пәтердің есігін құлыптауды ұмытып кеткенін түсіндірді. Осы жағдайды пайдаланған белгісіз біреу 65 мың теңге тұратын ноутбукты ұрлап кеткен. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

19 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 46 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ұсталған әйел қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру