Балқашта демалыс орынындағы ұрлыққа күзетшінің қатыстылығы анықталды
Балқашта демалыс орынындағы ұрлыққа күзетшінің қатыстылығы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы, Балқаш қалалық полиция бөліміне қаладағы күзет агенттіктерінің бірінен қала сыртында жүк көлігін ұстап алғандығы туралы хабарлама түсті.
Белгілі болғандай, аталған жүк көлігінде демалыс орындарының бірінен ұрланған құны 100 мың теңге тұратын төрт темір тұрба болған. Тоқтатылған автокөлікті күзет қызметкерлері кейін қайтарып, ұрланған заттар демалыс орынына апарып түсірілген. Арада уақыт өткенде жүк көлігі бар жылдамдықпен оқиға орынынан «ізін суытқан».
Жедел-тергеу қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 және 34 жастағы азаматтар ұсталды. Олардың бірі демалыс орынының күзетшісі екені анықталды. Ол ұрланған заттардың қолды болмауына жауапты, алайда ол өзінің қызметін пайдаланып, ұрланған заттарды өткізіп, ақшасын өз пайдасына жұмсамақ болған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.