Балқашта өзгенің көлігін айдап кеткен азамат қолға түсті
Балқаш қаласының полицейлері өзгенің көлігін айдап кеткен азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Балқаш қалалық полиция бөліміне 59 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші кешкілік уақытта өзі тұратын көпқабатты үйдің ауласына көлігін қойғанын, таңертең тұрғанда көлікті белгісіз біреу айдап әкеткенін хабарлады.
Арада бірнеше уақыт өткенде полиция қызметкерлері ұрланған көлікті қала көшелерінің бірінен тапты. Күдіктіні анықтау бойынша жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы азамат ұсталды. Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Көлікті оқиға орнынан мініп шыққан күдікті қала көшелерінің біріне тастап кеткен. Полиция қызметкерлері күдіктінің оқиға орнына тастап кеткен айғақтардың арқасында тапты.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.