Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта полицейлер құны 2,2 млн теңгелік заңсыз вейп саудасының жолын кесті

Балқашта полицейлер құны 2,2 млн теңге болған вейптің заңсыз саудасының жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының Балқаш қаласында полиция қызметкерлері "Заң мен тәртіп" қағидасы аясында электронды темекі қоспаларын заңсыз сатудың жолын кесті.

Сауда нүктесінің үй-жайларын мұқият тексеру кезінде тергеу-жедел тобы вейптер мен қосалқы материалдар партиясын тәркіледі. Тәркіленген электронды темекілердің жалпы құны 1,2 млн теңге, ал қосалқы материалдардың құны 1 млн теңге деп бағаланды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу темекіге жатпайтын өнімдерді, электронды тұтыну жүйелерін заңсыз сату және тарату үшін жауапкершілік көздейтін бап бойынша басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру