Балқашта сауда үйінен тоғыз аяқкиім ұрлаған азамат ұсталды
Балқаш қаласындағы сауда үйлерінің бірінен тоғыз жұп аяқкиім ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 қараша күні Қарағанды облысы Балқаш қалалық полиция бөліміне 42 жастағы жеке кәсіпкер хабарласып, белгісіз біреудің сауда үйінде орналасқан дүңгіршегінен тоғыз жұп аяқкиім және үш спорттық сөмкесін ұрлап кеткені туралы арызданған.
Шығын көлемі 100 мың теңгені құраған.
6 қараша күні полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы ер адамды ұстады. Айғақ заттар тәркіленді.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.