Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта тормен балық аулаған браконьер ұсталды

Қарағанды облысында полицейлер жалпы ұзындығы екі шақырым болатын тор орнатқан браконьерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 тамызда табиғат қорғау полиция қызметкерлері және Қарағанды облысы ПД Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері Балқаш-Алакөл өңіраралық бассейндік инспекциясының инспекторларымен бірлесіп «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Сағат 15:30 шамасында полиция қызметкерлері Тораңғалық ауылының маңындағы Балқаш көлінде жүрген қайықты ұстады. Анықталғандай, 43 жастағы Балқаш тұрғыны балық аулауға тыйым салынған жалпы ұзындығы 2 км тор орнатқан.

Ұсталған ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру