Балқашта төрт ай бұрын гаражда болған ұрлықтың беті ашылды
Балқашта төрт ай бұрын гаражда болған ұрлықтың беті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 мамырда 64 жастағы зейнеткер Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне хабарласқан. Зейнеткер айтуынша, белгісіз біреу құлыпты бұзып, гараждан дәнекерлеу аппаратын, компрессорды және балық аулауға арналған құралдар жиынтығын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 77 мың теңгені құрады. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
27 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, заттай дәлелдемелер алынды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.